
Тұрғын үйге құжаттар қабылданады.
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы баспана алам деушілерден маусымның 22-сі мен 28-і аралығында өтініштер қабылдайды. Пәтерлер Кірпішті, 11-мөлтек ауданындағы "Арай" және Марьесев көшесіндегі көпқабатты үйлерден беріледі. Өтініш білдіргендердің төлем қабілеттіктері расталуы қажет. Ең бастысы - алдын ала төлемсіз. Қажет құжаттар қатарында баланың туу туралы куәлігі мен неке куәлігі болуы міндетті.
ЖАНАРГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Кезекте тұрған азаматтар осы бағдарламаға қатыса алады. Атап айтсақ, бұл көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, оралман санатта тұрған азаматтар, жетім санаты бойынша, бюджет саласындағы азаматтар және І-ІІ топта тұрған мүгедектер.