
Кәсіпкерлер палатасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті меморандумға қол қойды
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Индустриалды даму комитетінің өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлескен шара ұйымдастырд. Басқосу кезінде департамент пен кәсіпкерлер палатасы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар меморандумның жүзеге асуы, аттестация және мамандарды даярлау, мекемелерді тексеру жайын талқылады. Бұдан өзге, бизнес субъектілерінің ең өзекті деген өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты мәселелері қаралды.