
Айта кеткен жөн, барлығы 340 бизнес иесінен өтініш түскен болатын.
Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 35 пайызға артық. Жыл сайын бизнес иелеріне қолдау артып, олардың құқығын қорғау мақсатында жұмыстар жүйелене түсті. Бүгінде палатаға өз ұсыныс тілектерімен келетін кәсіпкерлердің қатары артты. Ал, олардың пікірлерін тыңдап, шағымдарына қатысты дер кезінде шара қолдануды палата өз мойнына алды. Әкімшілік кедергілерді жоюда бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұның бір ғана мысалы, құрылыс нормаларына қатысты ұсыныстарды енгізді. Бұның нәтижесінде кәсіпкерлер үшін жеке инвестиция есебінен салынған үйлерді пайдалануға беру кезіндегі кедергілер жойылды.