ШҰҒЫЛ! ӨРТТЕН САҚ БОЛ! Толығырақ

Жаңадан кәсібін бастағандар өз жобаларын қорғады

19:09, 18 мамыр 2017

Ақтөбеде жаңадан кәсібін бастағандар "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша өз жобаларын қорғады. Олардың жұмыстарын екі күннен бері арнайы комиссия қарап жатыр. Құрамында мемлекеттік мекемелердің және қаржы институттарының өкілдері бар.

Жоба қорғаушылардың бірі Мәртөк ауданы, Казанка ауылының тұрғыны - Тұрған Шамшетова. Ол бағдарламаға қатысу үшін аудан орталығына күнде жаяу қатынап, кәсіпкерлер палатасының арнайы курсын оқыған. Жалғызбасты ана тігіншілікпен айналысады. Екі баласы бар. "Бастау бизнес" бағдарламасы арқылы қой жүнін өңдейтін арнайы құрылғы алып, кәсібін дамытуды көздейді.

ТҰРҒАН ШАМШЕТОВА, ЖОБА ҚОРҒАУШЫ

"Бизнес бастау" бағдарламасы Елбасы тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Мақсаты - кәсіпкерлік негіздерін оқытып, жұмыссыз азаматтарды бизнеске тарту. Ерекшелігі - оқу курстары тегін өткізіледі. Әрі қатысушылар мемлекеттік қолдауға ие болады.

БАУЫРЖАН ДАРКУЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨКІЛІ

Жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 1125 адамды оқыту жоспарланған. Қазірдің өзінде оқытудың екінші кезеңі басталды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
20:00, 25 ақпан 2021
БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫН АТАП ӨТУГЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
20:00, 26 ақпан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫН АТАП ӨТУГЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮЛЕС ҚОС...
Толығырақ...