ШҰҒЫЛ! 497 АДАМ ВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

Ақши ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды

20:04, 24 мамыр 2017

Ырғыз ауданы, Ақши ауылында 100 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.

Жоба құны - 316 млн.теңге. Мектеп биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Екі қабатты білім ошағы заманауи талаптарға жауап беретін болады. Оқу бағдарламасына қажетті барлық жабдығымен жасақталмақ. Әрі мектептің құрылысына жергілікті тұрғындар тартылып, жұмыспен қамтылған. Бұған дейін ауыл балалары 1981 жылы салынған ескі мектепте оқып келген еді. Енді олар биылғы оқу жылынан бастап жаңа мектепте білім алатын болады.

АЛМАГҮЛ БЕКНИЯЗОВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Қазір аудандағы негізгі балабақшалар да электрлі жылыту жүйесіне көшірілді. Алдағы уақытта Жаныс би, Шеңбертал елдімекендерінде 100 орындық екі мектептің құрылысы басталады. Ал, болашақта Қарақұдық және Нарқызыл ауылдарында да жаңа мектептер бой көтермек. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
20:30, 26 қаңтар 2022
ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
Толығырақ...