
Бүгін Қобда ауданының мектеп директорлары Ақтөбедегі оқушылар сарайына жиналды.
Мақсат - облыс орталығындағы білікті мамандардан тәжірибе алу. Үйрімелердің жұмысын жүргізіп, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланудың озық үлгісін үйрену. Аудан ұстаздарын орталықтағы автомодельдеу, техникалық бағыт қызықтырды. Себебі роботқұрастыру, технологияны меңгеру жұмыстары ауданға әлі жетпеген. Қалалық оқушылар сарайының сөресінде 20-дан аса робот тұр. Дені - балалардың қиялынан шыққан көлік түрлері. Автомодельдеу үйірмесіне ақтөбеліктер 6 жастан қабылданады. Техниканың тілін үйреніп, көлік бөлшектерін құрастырады. Осылай бала кезден техникалық салаға бейімделеді. Бұл аудан, ауыл балалары үшін әзірге таңсық.