ШҰҒЫЛ! 497 АДАМ ВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

Балабақшаларға жолдама беру басталды

15:43, 2 маусым 2017

Бүгін Ақтөбеде балабақшаға жолдама беру басталды.

Бұл шара 27 маусымға дейін жалғасады. Барлығы 6500 жолдаманы 2014 жылы кезекке тұрған балаларға беру жоспарланған. Ақтөбе қаласында 52 балабақша, 3 бөбекжай, 66 жеке балабақша және мектеп жанында 21 шағын орталық, жалпы алғанда 138 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Мектеп алды даярлықпен қаматамасыз ету мақсатында 5 жасқа толған балаларға жолдама беру бірінші кезекте қаралады. 2013 жылы туылған балалар егер кезегі кеш тіркелсе, бос орынның болуына қарай орналастырылады. Құжаттар Металлургтер мәдениет үйі ғимаратында қабылданып жатыр. Жолдамаларды беру шарасы ұйымдасқан түрде жүргізу мақсатында кесте құрылды. Ата-аналар құжаттарын тапсырып болғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды Egov.kz порталынан жеке электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы ала алады. 

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
20:30, 26 қаңтар 2022
ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
Толығырақ...