ШҰҒЫЛ! ӘРБІР ӨРТ СӨНДІРУШІ - ҚАҺАРМАН Толығырақ

Білім жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды

18:45, 5 мамыр 2017

Жетекші мектептерді құру, білім жүйесін қайта жаңғырту. Осы мәлелер талқыланған аймақтық форум Ақтөбе өткізілді.

Шараға Батыс Қазақстан облысындағы жетекші мектептердің өкілдері қатысты. Ал пленарлық отырысқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Назарбаев зияткерлік мектебінің» басқарма басшысы Күләш Шәмшіденова қатысты.

Жетекші мектептер Қазақстанда 2014 жылы құрылды.  Осы жолы олардың өкілдері бас қосқан аймақтық форумда педагогикалық шеберлікті көрсететін көрме ұйымдастырылды. Оған ЭКСПО-2017 халықаралық шарасына арналған оқушылардың жобалары да қойылды. Пленарлық отырыста облыс әкімі дамыған 30 елдің қатарына қазақстанның қосылуы үшін мұғалімдердің қосатын үлесі зор екендігін атап өтті.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру өзекті мәселе. Педагогтердің білімін жетілдіру үшін каникул кезінде арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

СӘУЛЕ  ӨМІРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- 2017-18 жылдары технология және әдістеме бойынша 54 жетекші мектеп пен 1 базалық мектеп басшылары оқытылады. Білім құрылымын жаңарту бағдарламасы бойынша 952 мұғалім дәріске қатысады. 3 жылдың ішінде 16 мыңнан аса педагог біліктілік арттыру курстарынан өтуі тиіс..

Жыл өткен сайын білім саласына ақпараттық және сандық технологияны енгізу қарқын алып келеді. Бұл уақыт талабы дейді мамандар. Сонымен бірге, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамыту аса маңызды. Оқушылардың білімін бағамен өлшеу ескірген әдіс.

КҮЛӘШ  ШӘМШИДИНОВА, "НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ" ДББҰ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

-  Мәселен, екі оқушыға бірдей тапсырма бересіздер. Балының біріншісі орындаған үш тапсырманың біреуі ғана дұрыс болып шығады. Ал екінші бала ешқайсысын да орындай алмайды. Сіздер, екеуіне де үштік баға қоясыздар. Бұл - әділ емес. Баланың тапсырманы орындағанын емес,  ойлау қабілетін бақылау керек. Білім бағамен өлшенбеуі керек.

Форумға Ақтөбе облысындағы 53, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарының 44 жетекші білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Ауқымды жиынның соңында Ақтөбе облысы әкімдігі мен Назарбаев зияткерлік мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің жаңғыртылуына бағыт-бағдар берілмек.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БРЕЙК-ДАНС БИІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
20:00, 11 қазан 2021
БРЕЙК-ДАНС БИІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...