ШҰҒЫЛ! COVID-19: PFIZER ВАКЦИНАСЫН 1125 АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

"Бірлігі жарасқан Қазақстан" жас суретшілер байқауы

18:22, 26 сәуір 2017

Бүгін қалалық техникалық шығармашылық орталығында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған байқау басталды.

Екі күнге созылатын шарада оқушылар "Бірлігі жарасқан Қазақстан" тақырыбында сурет салады.  Ал қазылар алқасы олардың жұмыстарын 5 бағыт бойынша бағаламақ.

Арайлым Қадыралинаның сурет салуға деген қызығушылығы жоғары. Табиғаттың әсем көріністері оның жұмыстарының тақарыбына арқау. Сол арқылы туған елді танып-білемін дейді. Арайлым көркемсурет лицейіне барады. Бейнелеу өнерін жетік меңгергісі келеді. Ал бүгінгі байқауда ол "Достықтың киелі бесігі болған Қазақстанды" бейнеледі.

АРАЙЛЫМ ҚАДЫРАЛИНА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

- Қазақстан Республикасы - көпұлтты, зайырлы мемлекет. Ел ішінде 130-дан астам ұлт болса да,  біз ынтымағы бар, бейбітшілік орнаған ел болып қала бермекпіз. Менің салған суретімде әр ұлттың бірлігі айқын бейнені көрсетеді.

1 мамыр - елімізде бірлік күні. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған байқауда оқушылар ынтымақ, достық тақырыбын өз жұмыстарында бейнелеп, қысқаша мәлімет беруі тиіс. Ал қазылар алқасы жұмысты қиындығына, түсінің қанықтығына, техникалық орындалуы және тақырыпқа сай келуіне қарай бағалайды.

АЖАР СЕКСЕНБАЕВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

-  Бүгінгі "Бірлігі жарасқан Қазақстан" тақырыбымыз балаларға қызық деп айтуға болады. Бүгінгі актуалды мәселе. Бала саны жылдан-жылға артып келеді. Үздік оқушылар алғыс хат, грамоталармен марапатталатын болады. Бүгінде байқауда қаланың 40-тан аса мектеп оқушылары қатысуда.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды көздейтін сурет байқауы 28 сәуірде қорытындыланады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:00, 29 қараша 2021
ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...