
Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің студенттеріне "Дипломмен ауылға" бағдарламасы түсіндірілді.
Бітіруші түлектермен кездескен мамандар мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін айтып берді. Мәселен, ауылға барған жас маманға жұмысқа орналасқаннан кейін 138 мың 740 теңге көлемінде көтермеақы беріледі. Кездесуге педагогика институтының студенттері қатысты. Биыл оқу ордасын барлығы 2262 түлек бітіреді. Оның 596-сы педагог мамандығы бойынша білім алуда. Өткен жылы 365 түлек бағдарлама бойынша жолданған.
АЙЖАНАТ САРИНА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ СТУДЕНТІ