ШҰҒЫЛ! COVID-19: PFIZER ВАКЦИНАСЫН 1125 АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзу оқиғалары көбейген

20:41, 5 сәуір 2017

Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық деректері көбейген. Ал, өз-өзіне қол жұмсау деректері тіркелмепті. Бұл туралы бүгін №56 орта мектепте өткен облыс прокуратурасы алқа мәжілісінің көшпелі отырысында айтылды.

Биыл облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бірлескен іс-шаралар туралы кешенді жоспарды бекітті. Мақсат - мектептердегі мәселелерді шешіп, педагогтарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бұған өңірдегі жасөспірімдер қылмысының көбейгендігі сеп болып отыр.

ҚАНАТ ӘЛИЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Кешенді жоспар аясында арнайы жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде, қаладағы 5 мектепке бақылау жүргізілген. Қазір бастауыш сыныптарда орыстілді мұғалімдер мен логопед-дефектологтар жетіспейді. Бұдан өзге, бірқатар проблемалар бар.

ҚАНАТ НАХИМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БІРІНШІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

- Прокуратура қызметкерлерінің араласуымен 10 жастағы қызға бұрын ешқашан алмаған туу туралы куәлік алып берілді. Бұл бір ғана жағдай емес. Бұдан өзге, 6 баланың құжаттары дұрысталды. Ал, Әйтеке би ауданында көпбалалы отбасынан шыққан көз ауруына шалдыққан 12 жастағы бала мемлекеттен жәрдемақы ала алмай жүр. Прокуратура бастамасымен балаға облыстық ауруханада ем жасалып, мүгедектікке байланысты құжаттар әзірленуде. 

Жасөспірімдер арасында суицидке ұмтылдырған 5 жағдай тіркелген. Абырой болғанда, балалар аман қалды. Дегенмен, мектептердегі психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Қазіргі күні 428 білім беру мекемелерінде 474 психолог және 328 әлеуметтік педагог жұмыс істейді. Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекованың айтуынша, аталған мәселелерді шешу үшін  басқарма тарапынан жол картасы жасақталған.

СӘУЛЕ ӨМІРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Тәуекел тобы анықталды. Осы топта болатын әрбір адамға әлеуметтік төлқұжат дайындалды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясы жақсы ұсыныс айтты. Яғни, осы топтағы әр баланың қасына мәселесінің шешілуін қадағалап отыратын ересек адам бекітілуі тиіс.

Айтып өтейік, бүгінде облыста 400-ден аса жасөспірім мен 203 келеңсіз отбасы құқық қорғау органдарында тіркеуде тұр. Олармен жұмыс жасайтын мамандар жергілікті полиция қызметінде жеткіліксіз. Облыс бойынша ювеналды полицейлердің саны - 128. Тағы 92 маман қажет. Жиын барысында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров оқушылардың құқықтарын қорғау үшін жұртшылықпен бірге, ата-аналар комитетін тарту қажеттігін айтты.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:00, 29 қараша 2021
ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...