
Биыл, Кеңес Нокин ауылында 320 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
Қазір білім ұясының құрылысы жүріп жатыр. Үш қабатты ғимаратта оқу бөлмелерінен өзге, кең мәжіліс залы және спорт залы, сондай-ақ асханасы болады. Бүгінде ішкі жұмыстары мен ауласын талапқа сай абаттандыру қалды дейді құрылысшылар. Қазір мұнда 100-ден астам адам еңбек етіп жатыр. Облыс әкімі мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігерлерге құрылыс сапасына қатысты міндеттер жүктеді. Жоспар бойынша мектеп тамыз айында пайдалануға берілуі тиіс.