ШҰҒЫЛ! COVID-19: PFIZER ВАКЦИНАСЫН 1125 АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Қобда ауданында жаңа нысандар бой көтереді

20:33, 28 наурыз 2017

Бұл жайында "Ақтөбе-ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбетов айтты.

Қобда ауданында әлеуметтік - экономикалық даму қалыпты деңгейде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі де оң көрсеткішке жеткен.  Мал басын көбейту жолға қойылған.  Аудандағы шаруалар  87  мың ұсақ мал,  28 мың бас ірі қара мен 8 мыңнан аса жылқы малын өсіріп отыр. Өңірде  қоян өсіру, түйеқұс асырау,  омарташылық сынды  дәстүрлі емес шаруашылықты дамыту көзделуде. Алма бағы да биыл отырғызылады.

МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Аудандағы ірі жобалардың бірі- құны 760 млн теңге тұратын 320 орындық жаңа мектептің салынуы.  Егіндібұлақ ауылында өңірлік оқу-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланып отыр.  Қазір аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз ету 43  пайызды құраса,  келер жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспары тұр. 

МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданда жұмыссыздық мәселесін шешу де қолға алынған. Биыл 92  жұмыссыз  еңбекпен қамтылған. Олардың ішінде 8  мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Тағы екі мүгедек жан қайта даярлау курстарынан өтті. 

РАЗИЯ ЖОЛДЫБАЕВА, ҚОБДА АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл Қобда ауданына қарасты  облыстық маңызы бар Шұбарқұдық-Ойыл тас жолы Қызылжар ауылына дейін салынады. Сонымен қатар, "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк" жолының шекара бекетіне дейінгі бөлігі күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Қобда ауданының ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінеді. Яғни, Білтабанов атындағы, Талдысай, Терісаққан және Бестау ауылдарына су құбырын жүргізу басталады. Бұл жобаның жалпы құны - 1 млрд. 12 млн. теңге.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:00, 29 қараша 2021
ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...