ШҰҒЫЛ! ҚАЛАМГЕРДІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Мектептерде қорытынды аттестация басталды

17:40, 29 мамыр 2017

Бүгін еліміздің орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестация басталды.

Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің түбегейлі өзгеріске ұшыраған күні болып тарихта қалары сөзсіз. Орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсыруда. Бүгін үш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназияның 85 оқушысы сынақтың алғашқы күнінде ана тілі мен әдебиетінен эссе жазды.

МАРЖАНКҮЛ ТОЙШЫМАНОВА, №21 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Әрине, биылғы оқу жылында Білім және ғылым министрлігінің берілген бұйрығы бойынша осы емтихандағы өзгерістер балаларға өз ықпалын тигізіп жатыр. Дегенмен, ойлаймыз өзінің оқыған мектеп қабырғасында  тапсырып, аттестат алу толғаныс әкелді деп ойламаймын.  Бірақ, жаңалықтардан балалар қорқады.

9 маусымды қоса алғанда түлектердің алдында тағы бірнеше сынақ тұр. Қазақ тілінде білім беретін мектеп оқушылары - орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептеріндегілер - қазақ тілінен тест тапсырады. Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға ауызша жауап береді. Төртінші, алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша бақылау, ал соңғысы таңдалған пән бойынша тест тапсырады.

МАРЖАНКҮЛ ТОЙШЫМАНОВА, №21 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Мектеп бітірушілерді осы мемлекеттік емтихандағы өзгерістерді балалар толық игеру үшін біз қосымша сабақтар өткіздік. Сондықтан мен ойлаймын, оқушылар өздерінің білім көрсетіп шығады деп. Оқушыларға 10-12 маусым аралығында орта мектепті бітіргендігі туралы аттестат тапсырамыз. Содан соң, оқушылар ЖОО түсу үшін 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыруға жіберіледі.

Биыл мектеп-гимназияны бітіретін 85 оқушының барлығы - үш тілді меңгергендер, қорытынды аттесттациядан кейін, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатындар. Екеуі - "Алтын белгіден", үшеуі - "Ерекше үлгідегі аттестатқа" үміткер. Айтып өтейік, 2016-2017 оқу жылында облыста 6582 түлек мектепті тәмамдады,  "Алтын белгіге" 444 оқушы ұсынылған. 4800 мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарланып отыр.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҚОБДАҒА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛАДЫ
16:20, 17 маусым 2021
ҚАРАҚОБДАҒА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:00, 16 маусым 2021
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...