
Облыс басшысы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
Бердібек Сапарбаев Уəлиханов көшесінде орналасқан №62 орта мектепке барды. 4800 шаршы метрлік төрт қабатты мектептің ғимараты 600 оқушыға арналған. Сондай-ақ, Батыс-2 шағын ауданындағы 320 орындық жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталған, жиһаздарды мен құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп қыркүйектің бірі күні пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала əкімдігіне Ақтөбедегі барлық мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеруді тапсырды.