ШҰҒЫЛ! COVID-19: PFIZER ВАКЦИНАСЫН 1125 АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Мәртөк ауданында жаңа балабақша ашылып, инватакси қызметі іске қосылды

19:10, 22 наурыз 2017

Мейрам күні Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында 100 балаға лайықталған балабақша ашылды. Сондай-ақ, 70-ке жуық мүгедек жанға жұмыс қылатын инватакси қызметі іске қосылды.

Ұлыстың ұлы күні дәл осындай сарыжарлық 100 бүлдіршіннің балабақша мәселесі шешілді. Сарыжар елдімекенінде "Кәусар"  аталатын балабақша ашылды. Аудан әкімі Нұржауған Қалауов жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды төл мерекемізбен құттықтады.

НҰРЖАУҒАН ҚАЛАУОВ, МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа жылда ашылған жаңа балабақшаны ауыл тұрғындары ел ертеңі бүгінгі бүлдірішіндеріміздің өсіп өркендеуі жолындағы игілік, жақсы іс  десті. Бұл ғимараттың ашылуы 25 тұрғынды жұмыспен қамтыды.

ҚАЗИЯ СҮЙЕСІН, САРЫЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

ЗЕЙНЕГҮЛ КЕНЖЕБЕКОВА, САРЫЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Сондай-ақ,  Мәртөк ауданындағы мүгедек жандарға арналған  инватакси қызметі іске қосылды. Бұған дейін ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтар көлікке аса мұқтаж болатын.  Енді олар ауданда тұңғыш  ашылған инва такси қызметінің арқасында аурухана, банк, жергілікті атқарушы органдар мен түрлі әлеуметтік нысандарға еркін баратын болады. Мұндай мүмкіндікті мүгедек жандарға және қарттарға арналған "Аққу" оңалту орталығы жасап отыр.

ГҮЛЗАДА АЛМАТБАЕВА, МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Айта кетелік, Ауданда 800-ден аса  мүгедек жан бар. Оның 70-ке жуығы  өздігінен жүріп тұра алмайды.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:00, 29 қараша 2021
ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...