ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

Облыстық "World Skills Aktobe-2017" байқауының жеңімпаздары марапатталды

19:54, 31 наурыз 2017

Бүгін Ақтөбеде бір аптаға созылған " World Skills Aktobe-2017" байқауы өз мәресіне жетті. Сегіз мамандық бойынша 54 жас маман өнерлерін ортаға салып, өзара мықтыны анықтады. Ақтөбе политехникалық колледжі қабырғасында өткен марапаттау салтанатында жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов құттықтады.

"World Skills Aktobe-2017" байқауы веб-дизайнер, электромонтаж, аспаздық іс, шаштараздық өнер, дәнекерлеу технологиясы, дизайн және киім үлгілеу, мехатроника және тас қалау мамандықтары бойынша өтті. Басты мақсат - жұмысшы мамандықтарының дәрежесін көтеріп қана қоймай, кәсіби білім беруді дамыту.

АСҚАР ШЕРИЯЗАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сегіз мамандық бойынша жеңіске жеткен сегіз жас маман Астана қаласында ұйымдастырылатын республикалық додада бақтарын сынайды. Егер, оқ бойы оза шапса, тамыз айында Біріккен Араб әмірлігінде өтетін әлемдік чемпионатқа барады. Электромонтаж мамандығымен І орынды алған Жасұлан Мақсатов жастарды жұмысшы мамандықтарын игеруге шақырады.

ЖАСҰЛАН МАҚСАТОВ, "WORLD SKILLS АҚТӨБЕ-2017" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

"World Skills Aktobe-2017" байқауында қатысушылар білім мен тәжірибені ұштастыруы тиіс. Ал олардың шет тілінде еркін сөйлеуі - басты талап. Яғни, әр маман өз қызметін әлемдік стандарттарға сай көрсету керек. Ақтөбе облысы елімізде алғаш 2015 жылы өткізілген байқауда жақсы нәтиже көрсетті. Тіпті, әлемдік додада топ жарғандары болды. Райымбек Ишанғалиев - соның бірі. 

РАЙЫМБЕК ИШАНҒАЛИЕВ, "WORLD SKILLS ҚАЗАҚСТАН-2015" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Маңызды шара аясында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов жұмысшы мамандықтары бойынша білім беретін арнаулы оқу орындарының және "World Skills Aktobe-2017" байқауында жеңіске жеткендердің жұмыстары қойылған көрмемен танысты.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:35, 19 мамыр 2022
АҚТӨБЕЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМНАН ОҢ ӨЗГЕРІС КҮТЕДІ
Толығырақ...