ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

Оқушылар білім мен тәрбиеге қатысты өзекті пікірлерді ортаға салды

20:07, 27 наурыз 2017

"Білімді жастар ел ертеңі". Бүгін осындай тақырыпта Әділет пікірталас орталығының кубогы үшін турнир өтті. Шараға қала мектептерінің 8-10 класс оқушылары қатысты. 30 команда арасында пікір сайыс өтіп, жасөспірімдер білім саласындағы бірқатар мәселені қозғады.

Мектептерде ұстаздардың жалақы көлемі білім алушылардың пікірлеріне байланысты бекітілуі керек. Оқушылар осындай ой-пікірлерін Дебат кезінде ортаға салды. Олар балаларды, жасөспірімдерді әлеуметтік желіге деген тәуелділіктен қалай ада қылуға болатыны туралы да пікір таластырды. Шараны өткізудегі мақсат -  шешендік өнерді  дәріптеу, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру.

ЖАНЕЛЬ РАХИ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Дебатқа қатысуға келіп, тіл тазалығына, өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениетіне мән қоймайтын, сөзге қонақ бермейтін ойыншылар бар. Олар тыңдаушысын тез жалықтырады. Бұл пікірсайысқа алаңына екі жылдан бері қатысып жүрген  Айсұлу Тағабергенованың пікірі.

АЙСҰЛУ ТАҒАБЕРГЕНОВА,  "ҰЛЫ ДАЛА" ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ

Пікірсайыс турнирі екі күнге жалғасады. Қостанай, Орал қалаларынан да қатысушылар келді. 30 команданың ішінен үздік деп танылған фракцияларға кубоктар мен сертификаттар, естелік сыйлықтар беріледі.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:35, 19 мамыр 2022
АҚТӨБЕЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМНАН ОҢ ӨЗГЕРІС КҮТЕДІ
Толығырақ...