ШҰҒЫЛ! ӘРБІР ӨРТ СӨНДІРУШІ - ҚАҺАРМАН Толығырақ

Ресейлік ғалымдар Жаманшың кратерін зерттеп жатыр

18:31, 10 мамыр 2017

30 сәуірден бастап ресейлік ғалымдар Ырғыз ауданындағы Жаманшың кратерін зерттеп жатыр.

Экспедиция құрамында Ресейдің Омск және Новосібір қалаларынан келген профессорлар бар. Зерттеу жұмыстары 12 мамырда аяқталады. Бүгін олар зерттеу жұмыстары туралы айтып берді.

Экспедицияға Ресейден ғалымдар арнайы келген. Мақсат - Жаманшың кратерінің халықаралық деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету дейді олар. Жаманшың Ырғыз ауданы орталығынан 45 шақырымдай жерде орналасқан. Алғаш рет Павел Флоренскийдің жетекшілігімен 1970-ші жылдары зерттелді. Кратер миллион жыл бұрын құлаған метеорит салдарынан пайда болған. Зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

ПАВЕЛ  ФЛОРЕНСКИЙ, И.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ РМУ ПРОФЕССОРЫ, РЖҒА АКАДЕМИГІ

- Ырғыз жері екі ел үшін тарихи орын болып саналады. Бұл жерді Шыңғысхан дәуірінен бері білеміз. Зерттеу жұмыстары 40 жылдан аса да мен үшін қызықты. Алдағы уақытта да экспедиция жұмыстарын жандандырамыз деп ойлаймын.

Бүгін облыстық планетарийде өткен кездесуге жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Планетарий директорының айтуынша, алдағы уақытта жас ғалымдар  геологтармен бірлесіп, Жаманшың кратеріне жылына екі мәрте туристік саяхат жасау жоспарланған. Ол үшін қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

ҚОРЛАН БӨЛЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПЛАНЕТАРИЙ ДИРЕКТОРЫ

Туристік орындарды насихаттаумен айналысатын палнетарийдегі үркер үйірмесі осы Жаманшыңды да дәріптеуді бастады. Өскелең ұрпаққа еліміздегі тарихи-мәдени орындарды көрсету біздің парыз дейді мамандар.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БРЕЙК-ДАНС БИІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
20:00, 11 қазан 2021
БРЕЙК-ДАНС БИІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...