ШҰҒЫЛ! COVID-19: PFIZER ВАКЦИНАСЫН 1125 АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Сарыжар ауылында балабақша ашылды

18:53, 14 наурыз 2017

Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында жаңа балабақша ашылды.

Бұл - "Нұр-Ай бөбек" балабақшасы. Екі қабатты заманауи үлгіде салынған мектепке дейінгі ұйымның іші-сырты балалардың танымын арттыруға бағытталып, жабдықталған. Бүлдіршіндерге бар жағдай жасалып отыр. Мұнда 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды тәрбиелейтін 3 топ болады. Барлығы 16 адам жұмысқа қабылданды. Мұндай мүмкіндіктің туғанына ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.

ГҮЛМАРЖАН БОРАШЕВА, САРЫЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгінде Сарыжар ауылында 214 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Егер осы қарқынмен мектепке дейінгі ұйымдар саны артатын болса, кезектегі балалар балабақшамен толық қамтылады дейді жергілікті билік өкілдері. Айтып өтейік, Сарыжар ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде ашылған бұл алғашқы балабақша. Ғимаратты салған кәсіпкер Айгүл Тәңірбергенованың бұл қадамы өзгелерге үлгі болды.

АЙГҮЛ ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, КӘСІПКЕР

Жалпы Мәртөк ауданында мемлекет  пен жекеменшік әріптестігі негізінде балалар ұйымдарын салу бойынша жоспар зор.  Мәселен, өткен жылы 200 балаға шақталған "Нұрсәт" балабақшасы пайдалануға берілді. Алдағы уақытта, Сарыжарда 75 балаға шақталған тағы бір ғимарат бой көтереді. Наурыз мерекесінің қарсаңында ауылда балабақша ашылғанымен аудан әкімі тұрғындарды құттықтады.

НҰРЖАУҒАН ҚАЛАУОВ, МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл күні аудан әкімі Сарыжар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Енді ауыл дәрігерлері жаңа көлікпен шақырған жерге тез жететін болады. Аудан әкімінің айтуынша, Сарыжар ауылында өткен жылы 240 адамға жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта 700 жер теліміне инженерлік желілер тартылуда. Ал, 2007 жылдан бастап кезекте тұрған 500 адамға жер биыл беріледі. Сондай-ақ биыл Мәртөк ауданында екі дәрігерлік амбулатория, жаңа сот ғимараты мен екі мектеп салынады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:00, 29 қараша 2021
ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...