
115 ақтөбелік оқушы жыл бойы үздіксіз жұмыс жасайтын "Әсем" лагерінде демалуда. Бұл - қала сыртында орналасқан оқу сауықтыру орталығының алғашқы маусымы. Облыстың түпкір-түпкірінен жиналған озат оқушылар оқу процесімен қатар, мәдени -тарихи жерлерді аралап, танымдық шараларға қатысады.
"Сымбат" физика-математика мектебінің жанынан ашылған "Әсем" лагері жыл он екі ай жұмыс жасайды. Бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Өңір басшысы лагерьдің алғашқы маусымына жолдама алған оқушылармен кездесті. "Еліміздің болашақ ұрпағы әлемнің білімді азаматтарының бірі болуы тиіс. Үш тілді еркін меңгеру, оқуда үздік болу сіздерге қойылған талап" - деді ол.
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Оқу-сауықтыру лагері жылына 14 маусым жұмыс жасайды. Әр маусымда 12 күнге 115 баланы қабылдайды. Бесінші мамырда ашылған лагердің бірінші тақырыбы Жеңіс мерекесіне арналды. Оқушылар бұл ұлы күн туралы ауқымды ақпараттар алып, тарихи орындармен жіті танысты. Бұл лагерьге жолдама алғандар оқу озаттары мен спорттағы үздіктер.
ТОМИРИС ТӨЛЕГЕН, ОҚУШЫ (ЫРҒЫЗ АУДАНЫ)
Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев 2018 жылдан бастап, ҰБТ қорытындысында мемлекеттік грантқа өту үшін жеткілікті деңгейде бал жинай алмаған әртүрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері үшін облыс әкімінің гранты тағайындалатынын мәлімдеді.
Райгүл Еншібайқызы