
Теория мен тәжірибені ұштастыру. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен дуальді оқытуға қатысты мәселелер талқыланған жиын өтті.
Оған колледждердің, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Жастардың оқу орнының қабырғасында жүріп дайын маман болып шығуы үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Дуальді оқыту тәжірибесін жүргізу үшін келісім берген кәсіпорындар басшылары мемлекет тарапынан қолдаулар күтетіндері айтты. Кәсіптік-техникалық білім беруге үлес қосатындары қандай да бір жеңілдіктер берілуін сұрайды. Облыстық білім басқармасы бұл мәселені шешу үшін министрлікке хат жолдағандарын айтты.