
Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округіне қарасты Аққайтым ауылында екі әлеуметтік нысан бой көтермек.
Мәдениет үйі мен спорт алаңын аудан кәсіпкерлері "Туған жерге тағзым" акциясы аясында жүзеге асыруды көздеп отыр. Құрылыс жұмыстары мамыр-маусым айларында басталады. Ал оны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар. Жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен нысандардың іргетасы қаланатын аумаққа капсула салтанатты түрде салынды. Бұл ғимараттар бос уақыты көп жастар үшін аса қажет дейді ауыл ақсақалдары.
БЕГАЛЫ ТИНАЛИ, АҚҚАЙТЫМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ