ШҰҒЫЛ! 497 АДАМ ВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық пысықталды

18:30, 2 мамыр 2017

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте пысықталды.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу 15 пунктте өтеді. Оның 12-сі аудан орталықтарында. Ал үшеуі Ақтөбе қаласында. Қазір пункттердің материалдық-техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Тест тапсыруға өтініш мамырдың онына дейін қабылданады. Қазір мемлекеттік комиссия мүшелері белгілі. Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова биыл жаңа форматта тапсырылатын ұлттық бірыңғай тестілеу талабына тоқталды. Бұл жолы мемлекеттік сынақ екі кезең бойынша өтеді.

Облыстың бас мұғалімі биылғы оқу жылында бақылау тестілеулер ұйымдастырылғанын айтты. Ай сайынғы нәтиже бойынша орташа баллдық көрсеткіштың екі жарым пайызға өсімі байқалады.  Сондай-ақ, өту деңгейі 50 баллды жинай алмайтын оқушылар саны да азайған.  Облыс әкімі ұлттық бірыңғай тестілеуге биылғы мектеп түлектерінің барлығын қатыстыруға тырысу керек деп тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
20:30, 26 қаңтар 2022
ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
Толығырақ...