
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз". Осылай деп аталған республикалық педагогтар олимпиадасының, бүгін облыстық кезеңі басталды. Әр ауданнан келген жас мамандар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қазылар алқасы алдында тың педагогикалық идеяларын ұсынды. Үздіктері республикалық байқауда бақ сынамақ.
Олимпиадаға еңбек өтілі үш жылдан аспаған жас ұстаздар, психологтар және тәлімгерлер қатысты. Облыстың түпкір түпкірінен келген мамандар өз аудандарынан іріктеліп шыққан үздіктері. Жаңаша идеясымен, сабақ өткізу әдісімен көзге түскендер. Бүгінгі байқауға да олар ерекше дайындықпен келген.
ӘЙТЕКЕ ҚАБЫЛ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ҚОБДА АУДАНЫ)
Үш кезеңнен құралған сайыста қатысушылар "Педагогикалық дебют", "Менің мамандығым" тақырыптарында өздерін таныстырды, панорамалық сабақ өткізу тәсілін көрсетіп, жеткен жетістіктерін жинақтап ұсынды. Оқу процесінде заманауи технологияларды ұтымды қолдану да басты мақсат. Ал, олардың білімін тәжірибелі оқытушы - профессорлар сарапқа салды.
ӘЛИЯ БАЗАРҒАЛИЕВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен жеңгендер 4-5 мамыр күндері Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.
Райгүл Еншібайқызы