ШҰҒЫЛ! ӘРБІР ӨРТ СӨНДІРУШІ - ҚАҺАРМАН Толығырақ

"Үздік түлек-2017" республикалық байқауы өтуде

18:25, 11 мамыр 2017

Ақтөбеде 14-ші рет "Үздік түлек-2017" республикалық байқауы өтуде. Сайысқа тек жоғары медициналық оқу орындары қатыса алады.

Биыл - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдығы. Осыған орай, ұйымдастырушылар республикалық шараны Ақтөбеде өткізуді жөн көріпті. Ақтөбе, Алматы, Семей, Қарағанды және Шымкенттегі жоғары оқу орындарының 26 студенті байқауда бақ таластырды. 

РАУШАН РАҚЫШЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ (ОҚО)

Бұл байқау тарихы 2003 жылдан бастау алады. Акушер-гинеколог, педиатр, хирург, жалпы практика дәрігері, терапевт және стоматолог мамандықтары бойынша түлектер 7 жыл бойы оқыған білімдерін дәлелдейді. Медицина университеттері ішіндегі үздік түлекті анықтау да - жарыстың басты мақсаты.

ӘЛИЯ РАХМЕТУЛЛИНА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ (ШҚО)

Дәстүрлі байқау үш кезең бойынша өтуде. Алғашқысында дәрігер-интерндер симуляциялық технологияларды пайдаланып, жедел жәрдем көрсетуі тиіс. Екінші кезеңде мамандықтары бойынша ситуациялық тапсырма орындаса, үшіншісінде жас мамандар медицинадағы өзекті проблемалар арқау етілген ғылыми жұмыстарды қорғайды. Шара екі күнге созылады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БРЕЙК-ДАНС БИІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
20:00, 11 қазан 2021
БРЕЙК-ДАНС БИІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...