ШҰҒЫЛ! COVID-19: PFIZER ВАКЦИНАСЫН 1125 АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«World-Skills Ақтөбе-2017» аспазшылар байқауы басталды

18:23, 29 наурыз 2017

Бүгін "World-Skills Ақтөбе-2017" аспазшылар байқауы басталды. Алғашқы аймақтық бәйгеден оза шапқандар, студенттер арасында өтетін республикалық сайысқа қатысады. Ал жеңімпаздар сәуір айында елордада ұйымдастырылатын Республикалық сайыста өңір намысын қорғамақ.

Александр Олейников - байқауда шеберлігін шыңдауға ниетті. Бала кезінен дәмді ас пісіруге құмар. "Аспаз-технолог" мамандығын меңгеріп жатқан Александрдің арманы асқақ. Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын асхана ашқысы келеді. Байқауда жас аспаз арнайы тапсырманы орындады, яғни, түрлі ингридиенттерді пайдаланып дәмді ас мәзірін әзірледі.

АЛЕКСАНДР ОЛЕЙНИКОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Бес арнаулы оқу орнынан қатысқан 7 аспазға қазылар алқасынан қойылған талап жоғары. Кәсіби маман болуға дайын екендерін көрсетуге тырысқан жастар сенім үдесінен шығуға тырысты. Ал қазылық еткендер арасында қаладағы мейрамханалардың тәжірибелі аспаздары және кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар. 

БАНУ ТӨЛЕГЕНОВА, АҚТӨБЕ МЕЙРАМХАНАЛАР ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙЛЕР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жалпы, "Уорлд Скилз Ақтөбе-2017" байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Бірақ, аспаз-технолог мамандығы биыл ғана сайысқа енген. Тағы бір айтып өтерлігі, қатысушыларға шет тілінде еркін сөйлеу - басты талап. Яғни, әр маман өз қызметін әлемдік стандарттарға сай көрсету керек. Өйткені, республикалық байқауды жеңгендер Біріккен Араб әмірлігінде өтетін халықаралық додада ел намысын қорғайды.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:00, 29 қараша 2021
ҚҰПИЯ ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...