
Биыл Ақтөбеде 36 балабақша ашылады. Бұл, балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту көрсеткішін 95 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
"Ақтөбе ақпарат" орталығында баспасөз-мәслихатын өткізген облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова осылай деді. Оның айтуынша қазір қалада төрт мыңнан астам бала, балабақша кезегінде тұр. Ал 16 үш ауысымды және 4 апатты мектептің мәселесін шешу үшін жаңа ғимараттар құрылысы басталады. Облыстың бас мұғалімі биыл мектеп бітіретін түлектердің 4804-і ұлттық біріңғай тест тапсыратынын айтты. Ол облыста 15 пункт жұмыс істейді. Тест тапсыру 20 маусым мен 1-ші шілде аралығында өтеді. Ал, мыңнан астам түлек, жұмысшы мамандығын игеру үшін тегін оқытылатын болады.
СӘУЛЕ ӨМІРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ