ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 20 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ұжымы арасында өтіп жатқан «Арқа арнасының келбеті» байқауы жалғасуда

19:12, 13 мамыр 2016

Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ұжымы арасында өтіп жатқан «Арқа арнасының келбеті» байқауы жалғасуда.

Алғашқы кезеңнің аяқталуына 6 күн қалды. Бүгін жұртшылық назарына дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ұсынамыз.

Жаңалықтар бөлімінің аға редакторы Асылбек Тойбеков бүгінге дейін көрермендер мен интернет қолданушылардың 1025 дауысына ие болған.

Ал, телеарна эфирінен әр жұма сайын шығатын «Арена» хабарының  авторы әрі жүргізушісі Ботабек Тілегенов 1012 дауыспен тізімнің екінші сатысында тұр. Бағдарламалар бөлімінің редакторы Әділбек Құмарұлы бір айға жуық уақыт ішінде 449 дауыс жинаған.

Арна қызметкерлеріне әрі қарай қолдау білдіремін десеңіз, http://vote.kaztrk.kz/09/ сілтемесі арқылы өтіп, дауыс бере аласыз.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
17:48, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Аймақтық филиалдар арасындағы «Ең үздік түсірілім тобына» жарияланған байқаудың алғашқы кезеңі аяқталды
09:49, 7 қазан 2016
Аймақтық филиалдар арасындағы «Ең үздік түсірілім тобына» жа...
Толығырақ...
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы - 2016» конкурсы өтеді
09:22, 22 қыркүйек 2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы - 2016» ко...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар