ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

1 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

16:20, 23 ақпан 2021

Үкімет отырысында халықты баспанамен қамту мәселесі көтерілді. Биыл еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырған кезде алдағы бес жылда 100 млн шаршы метрден астам үй салуды тапсырды. Осылайша біз 1 млн-ға жуық отбасын үймен қамтамасыз ете аламыз», - деді Асқар Мамин. Оның айтуынша, осындай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғын үй саясатына реформа жүргізіліп жатыр. Онда тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, жеке құрылыс салушылардың инвестицияларын жалдамалы тұрғын үй салуға тарту үшін жаңа шаралар кешені көзделген. «Бұл жұмыста «Отбасы банк» негізгі құрал болмақ. Ол баспанаға мұқтаж адамдардың кезегін бір орталықтан басқарып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді сатады», - деді Асқар Мамин.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар