
18-ші мамыр – тарихи-мәдени мұралардың ошағы саналатын музей күні. Осыған орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір топ белсенді қызметкері марапатталды. Сала дамуына үлес қосқан жандар мұражаймен әріптестік байланыстағы мекемелер атынан алғыс хатқа ие болды.