
Бүгін таңда 11 мөлтек ауданында екі көпқабатты үйге тиесілі құбыр жарылып, 200-ден астам отбасы жылусыз қалды. Тұрғындар өз күшімен жертөлеге толған суды сорғызып әлек. Құбырды жөндеуге қалталары көтермейді. Ал коммуналды компания болса жауапкершіліктен жалтарып отыр.