
Кешелі бері коммуналды мекемелер дамыл таппай жатыр. Қала сыртындағы полигонға 155 мың текше метр қар шығарылды. Ақ ұлпаның шамадан тыс жаууы құтқарушыларды да алаңдатып отыр. Айтуыларынша, көктемде өңірдегі 30 елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.