ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 366 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

А. МАМИН: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА МЕХАНИЗМДЕРІ КЕРЕК

17:54, 18 қараша 2021

Биыл 10 айда елімізде 18 мыңға жуық интернет-алаяқтық фактілері тіркелді. Бұл туралы премьер-министрдің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда айтылды. Азаматтар көбінесе интернет арқылы тауар немесе қызмет үшін алдын-ала төлем жасап алданады екен. Бұндай 8 мыңнан аса оқиға анықталған. Интернет-алаяқтықпен күрес мақсатында құқық қорғаушылар тұрғындардың жеке деректерін және нақты уақыт режимінде тұлғаның бейнесін тексеру секілді шараларды қолға алған. Десе де бұл әдіс те әзірге өз тиімділігін көрсетпеген. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі де сөз болды. Мас күйінде көлік жүргізген 20 мыңға жуық жүргізуші ұсталған. Осы ретте биыл қауіпті учаскелерде арнайы бақылау камералары, жарық диодты жол белгілері мен  400 жол буферлері орнатылған. Отырыс қорытындысында Үкімет басшысы жауаптыларға азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ жолдағы апаттардың алдын алу шараларын жетілдіруді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 33 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ
16:20, 17 қаңтар 2022
ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 33 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫ...
Толығырақ...