ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АБАЙ ІНДЕТПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСТІ?

19:30, 23 қазан 2020

 Қазір бар әлем күресіп жатқан қатерлі індетпен Абай Құнанбайұлы да кезіккен. Ол өзен суынан адамға жабысып, барлық ауыл-аймаққа тараған. Дерттен қарт кісілер мен жас балалар және әлжуаз адамдар көз жұмған екен. Абай халқын өлімге сүйреген аурудан аман алып қалуға әрекет етеді. Қалай? Келесі сюжетке назар салайық... 
- Бұ қалаға жаман науқас кепті. - Құдай ұрған іш ауруы. - Ар жақ-бер жақтан күнде әлденеше адам өліп жатыр.
 - Мәлік келгендей. Шыбындай қырылып жатыр.
 - Аты не дейді? Адам естімеген қу науқас бір. Жұрт қашып жатыр қаладан... Бұл - М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді. Абай заманында тараған індет жайлы шығарманың «Түн-түнекте» тарауында айтылады. 
Абай Семейге келген бір сапарында шаһарда жұқпалы індеттің тарап жатқаны жайында жайсыз хабар естиді. Досы Федор Павловтың нұсқауымен бірнеше қағиданы негізге алып, халқына жеткізеді. Бірінші кезекте, Абай жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты бірқатар өзгеріс енгізуді түсіндіреді. Онда адам қарасының көп жиналуын тоқтата тұру қажет еді. Алайда, жаназаны жаңаша тәртіппен өткізуді кейбіреулер қабылдай алмайды. Қазір біздің елде осындай жағдай. Ал, бұл індеттің таралуын еселей түседі. Бұл жерде дін өкілдері қаза тапқан адам алдындағы үш міндетті орындау аса маңызды,-дейді, ол - жуу, кебіндеу, жаназа шығарып жерлеу.  
Марқұмды жерлеу рәсімін реттеп болған соң да, қатерлі індетке  шалдығушылар легі тоқтамайды. Тағы да Абай досының пікірін тыйдайды. "Ауру жұқтырған жеке-жеке адамдар, енді өздерінің үйлерін дертке ұшыратып, жұқтырып жатыр», дейді досы. Демек, әлі де болса халыққа індеттің қауіптілігі мен сақтану жолдарын түсіндіру керек деп ой түйеді Абай. Ол енді халық арасында дұрыс тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау жөнінде базарларды аралап өзі түсіндіруге кіріседі. Павлов хакім Абайға «Асты онша ашықпай тұрып ішіңіз. Бұл ауруда ашаршылық қандай жаман болса, үлкен мешкейлік те жаман. Әр тамақты шақ қана, дәл ғана жеу керек...», деп аурудың алдын алатын кеңестермен бөліскен.
Міне, осылайша Абай кішігірім карантин шараларын қолға алып, бүтіндей елді аман алып қалды. Бүгінгі күні індеттің таралуын тоқтату жолындағы сақтық шараларына кейбіреулер құлақ аспай, оның астарынан әр нәрсені іздеп әлек. 
Абай заманындағы індет халық ауызсу ретінде тұтынған өзен суынан жұққанымен оны ары қарай таратқан адамдар болғаны белгілі. Сондықтан, дәл қазір қауіп аймағында жұмыс іс теп жатқан мамандар қызметін жеңілдетіп, халықтың саулығы үшін бір болып, үйде отырудың маңызы зор. 

Гүлнара Жолжанова

Тақырып бойынша материалдар

"СОЮЗ МЕХА" ЖАҢА СӘНДІ ТОНДАР ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ
20:00, 26 қараша 2020
"СОЮЗ МЕХА" ЖАҢА СӘНДІ ТОНДАР ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ
Толығырақ...
ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАҒАН АҚТӨБЕНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР
20:00, 26 қараша 2020
ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАҒАН АҚТӨБЕНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ШАЛҚАР АУДАНЫНДА БІР МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
20:30, 20 қараша 2020
ШАЛҚАР АУДАНЫНДА БІР МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...