ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҒАШТЫ ЗАҢСЫЗ ОТАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

18:44, 22 қаңтар 2020

Жасыл желекті заңсыз кескендер жазаланды. Бүгін Ақтөбе қалалық №2 сотында "Қызыл кітапқа" енген тал - теректі отап тастаған мердігерге қатысты сот үкімі шықты.  Ағаштарды аямай кесіп, табиғатқа орасан залал келтірген сотталушы енді 4 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді. Естеріңізде болса, су тасқынының алдын алу мақсатында өткен жылы өңірдегі сегіз өзеннің арнасын кеңейту қолға алынды. Жұмысқа кіріскен мердігер компаниялар өзен жағасында өсіп тұрған тал-теректі де жаппай кесіп тастаған. Бүгін сот залына келген "Берекелді"  серіктестінің басшысы Нұредин Усиповтың бригадасы  «Ақжар -1» ауылынан бастап Қарғалы өзеніне дейінгі аумақты тазартты. Белгілі болғандай, осы жұмыс кезінде 37 түп күміс терек пен жойылып кету алдында тұрған қара қандыағаш заңсыз кесілген. 
ЖАНАС ҚУАНЫШЕВ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ 
Сотталушы Усипов мемлекетке 347 мың 743 теңге көлемінде шығын келтірді. "Берекелді" жеке серіктестігінің басшысына  "ағаштарды заңсыз кесті", "қызыл кітапқа енген ағаштарды отады" деп айыпталып отыр. 
Бір қызығы, жобалық - сметалық құжатта өзен жағасындағы талдарды кесу көрсетілмепті. Бірақ  мердігер құжаттағы нұсқаулықты орындамай, өсімдік атаулыны оңды-солды отауға тапсырма берген. Енді осы әрекеті үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш, бұл дегеніңіз  3 млн 976 мың теңге айыппұл төлейді. 
ЖАНАС ҚУАНЫШЕВ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ 
64 жастағы Нұредин Усипов өзіне тағылған айыппен келісіп, кінәсін мойындады. Сотталушы өз еркімен Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесіне келтірілген шығынды толығымен өтеді. Өз ісіне өкінетінін айтты.  Жасы мен денсаулық жағдайын ескере келе, сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамайды
Айта кетейік, аймақтағы  өзен-көлдердің арнасын кеңейтіп, табанын тазалау үшін 6,5 миллиард теңге қаражат бөлінген болатын. Нәтижесінде 18 мың гектар жер тазартылған. Шамамен 100 текше метр аумақтағы ағаш кесілген. Дегенмен, тұрғындар мен табиғат жанашырларының наразылығынан соң, бұл жұмыстар уақытша тоқтатылды.   
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...