ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ

19:22, 4 тамыз 2020

Дезинфекциялау жұмысы науқандық болмауы тиіс. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жиын кезінде жауапты мамандарға осыны тапсырды. Сақтық шарасын әрі қарай жалғастырып, бақылауды да күшейткен абзал. Бір қуантарлығы - өңірде вирус жұқтырғандар саны азайды. Провизорлық стационарларға түскендерге қарағанда жазылып шыққандар екі есе көп. Осы және өзге де маңызды шаралар туралы келесі бейнематериалда. 
Аппарат отырысында жаңа оқу жылына дайындық, қашықтан оқу жүйесі, интернетпен қамтамасы ету туралы айтылды, Өңір басшысы Оңдасын Оразалин аудан әкімдеріне салынып жатқан мектептердің құрылысын бірінші қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге өңірдегі эпидемиологиялық ахуал сөз болды. Әйтеке би, Темір аудандарында ветеринарлық лабораториялар базасында зертхана ашылады. Ауруға шалдығушылардың саны төмендеген. Төсек-орын саны 78% - дан 33% - ға дейін азайып , провизорларда 575 орын жабылды.  1 335 кереует резервке ауыстырылған.  Жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар 2 600-ден 700-ге дейін төмендеді. 
Облыс әкімі бұл  бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет екенін айтты. «Тұрғындардың сақтық шараларына деген жауапкершіліктерін арттыру  қажет. Көшелерде бетпердесіз жүргендер көп. Сондай-ақ, қажетті қаражат бөлінгендігіне қарамастан  соңғы кездері залалсыздандырудың жүргізіліп жатқандығын мүлде кездестірмейтін болдық. Науқандық жұмысқа ұқсатпай үздіксіз жүргізуді жалғастырыңдар »,-деді Оңдасын Оразалин. Сондай - ақ жиын кезінде ауыл шаруашылығы мәселелері қозғалды. Биыл 600 мың гектарға жуық жерге дәнді дақыл егілген. Ауа райы қолайлы. Жоспар бойынша гектарынан 10 центнер астық жиналады. 
Экология департаментінің басшысы  Нұржан Ақкұл әр жерде шашылып жатқан қоқысты жинау жұмысын баяндады. Заңсыз орналасқан қалдықтар  617 жер учаскесінде  анықталған.  15 күн ішінде Ақтөбе қаласында 27, Алға ауданында 52 , Мәртөкте 11,  Хромтау ауданында 15, Қарғалыда 4 үйінді тазартылды.  Оңдасын Оразалин заңсыз төгілген күл-қоқысты дер кезінде  полигонға жеткізу үшін қала, аудан  басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...