ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР Толығырақ

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ

19:46, 19 тамыз 2019

 «Аймақты әнмен тербетіп».  Ырғыз ауданында дәстүрлі 23-ші республикалық байқауы ұйымдастырылды. Қазақтың жауһарлары саналатын терме, дәстүрлі ән мен эстрадалық ән орындау бойынша Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Қостанай, Қызылорда, Атырау , Маңғыстау облысының өнерпаздары бақ сынады. 2 күнге созылған байқауда кімнің бағы жанды? Өнер додасын көріп қайтқан әріптесім Гүлия Айтуғанова жалғастырады   «Аймақты әнмен тербетіп» байқауы 23-ші рет шымылдығын ашты. Талантты жастардың басын қосатын бұл өнер мерекесін өткізу Ырғыз ауданында дәстүрге айналған. Жас өнерпаздар додасы екі күнге созылды. 17 мен 29 жас аралығындағы 22-ге жуық  дарынды дүлділ  екі бағыт бойынша өнерлерін ортаға салды. Шараны өткізудегі мақсат - жастар арасындағы шығармашылықты арттыру, халқымыздың салт дәстүрін, тарихын дәріптеу.Байқауда дәстүрлі ән жанры бойынша 10 өнерлі өрен термеден үзінді орындаса,   эстрадалық ән жанр бойынша 12 дарынды өнерпаз  отандық сазгерлердің патриоттық әндерін шырқап көрерменге ерекше рух сыйлады. Жас таланттардың жұлдызын жаққан сайыс  биыл да талай дарынның ән әлеміндегі тұсауын кесті.Сыр елінің намысын қорғауға келген Малика Алдамжарова жас қатысушылардың бірі.  Жасы 18-де. Ол байқауда «Базар» жыраудың термесінен  үзінді орындап зор қошеметке бөленді. Қазылар алқасы қызылордалық қатысушының өнерін жоғары бағалап, бас жүлдеге лайық деп таныды. Ал эстрадалық ән жанры бойынша Қобдалық Әбжан Нұржан гран при жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, жүлделі үш орынның иегері алғыс хат, ақшалай сыйлықтарға ие болды. "Көрермендер көзайымы", ынталандыру сыйлықтары байқауға қатысқан өнерпаздарға берілді.

Гүлия Айтуғанова 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19: ӨҢІРДЕ 356 АДАМНАН ВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
16:20, 3 тамыз 2021
COVID-19: ӨҢІРДЕ 356 АДАМНАН ВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ПОЛИЦИЯ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ
16:20, 3 тамыз 2021
ПОЛИЦИЯ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
20:00, 30 шілде 2021
"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...