
Ұлттық өнерімізді дәріптер "Ұлы дала жүйрігі" атты айтыс-концерт биыл үшінші мәрте өтеді. "Өнер орталығында" ұйымдастырылатын шара санитарлық талапқа сәйкес қолға алынды. Көрермен саны шектеулі болады. Айтыс-концертті әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден тамашалауға да мүмкіндік бар. 6-7 ақпан күндері өтетін мәдени кеш тыңдармандар үшін тосын сыйға толы болмақ.