ШҰҒЫЛ! COVID-19: ОБЛЫСТА 28 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ

13:00, 19 қаңтар 2021

Ақпанның бірінен бастап елде  коронавирус инфекциясына  қарсы егу шарасы басталады.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Бірінші кезеңде екпені инфекциялық ауруханалардың, жедел  жәрдем, реанимация, алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімшелерінің, қабылдау бөлімдердің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет дәрігерлері алады. Жалпы жүз мыңға жуық адам егілуі  тиіс. Наурыз айында мектептердің, жоғары оқу орындарының 150 мың педагогы, медицина қызметкерлері вакцинациядан өтеді. Ал сәуірден бастап мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің 600 мың педагогы, студенттер, созылмалы ауруы бар адамдар коронавирусқа қарсы егіледі. Осылайша, жыл соңына дейін алты миллионға жуық ел азаматын егу  жоспарланды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар