ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АҚТӨБЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ЖАҢА ӘДІСТІ ҚОЛДАНДЫ

20:12, 28 қазан 2020

Ақтөбеде қатерлі ісік ауруына шалдыққандардың қатары көбейген. Қала іргесіндегі онкологиялық орталық науқастарға лық толы. Өңірде, әсіресе, өкпе, асқазан, бауыр обыры көш бастап тұр. Мұны дәрігерлер аймақтың экологиялық ахуалымен байланыстырып отыр. Аты жаман аурумен  күрес жолында мамандар әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолданысқа енгізіп жатыр. Жуырда  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті жанындағы орталық дәрігерлері бауыр обырын жасуша терапиясы арқылы емдесе, күні кеше химиоэмболизация технологиясымен  екі науқасқа сәтті ота жасады.
Екі жыл бұрын Лидия Гончардың өмірі күрт өзгерді. Гемоглобині төмендеп, медициналық тексерістен өткен зейнеткер өзінің жаман ауруға шалдыққан біледі. Содан бері 9 мәрте химия терапия қабылдап, ішек жолдарына ота жасатқан. Сенбі күні Орал қаласынан келген науқастың бауырына ақтөбелік мамандар инновациялық операция  жасады. 
ЛИДИЯ ГОНЧАР
ЕМ АЛУШЫ 
 Аздап әлсіздік бар, бірақ жағдайым жақсы. Алдағы уақытта Ақтөбеге келіп, ем қабылдап тұрамын деп шештім. Біріншіден, жақын. Екіншіден мұнда туыстарым тұрады. Медициналық орталықтың да ұжымы өте ұнады. Бұған дейін Нұрсұлтан қаласына барып бірнеше рет химия алып жүрдім. Шашым бірінші процедурадан кейін  түгел түсіп қалды. 
Лидия Гончар -  заманауи  әдіспен ота жасалған екі науқастың бірі. Бауырдың бастапқы және метастатикалық қатерлі ісігін емдеудің тиімді әдісі химиоэмболизация  деп аталады.  Заманауи технология бұрын-соңды Нұрсұлтан қаласы мен  Шығыс Қазақстан облысында ғана қолданылып келген. Бір процедураның құны 950 мың теңге тұрады. Операция мемлекеттік сақтандыру қоры арқылы тегін жасалады. 
САМАТ САПАРБАЕВ
М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ ПРОРЕКТОРЫ 
Бұл химиятерапияның баламасы. Алайда оған қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Біріншіден- нүктелі терапия. Яғни ангиограф аппараты арқылы ісіктің дәл нүктесі анықталып, сол жерге түйіршік түріндегі препарат енгізіледі.  Ол тек қатерлі ісікті емдейді. Өзге ағзаларға зиянын тигізбейді. Химия терапияның кері әсерлерін көріп жүрген боларсыздар. Иммунитет , геммоглобин төмендеп, ағза әлсіреп қалады, шаш түседі дегендей. Ал бұл жерде ондай жағымсыз факторлар жоқтың қасы
Өңірде бауыр обыры диагнозымен 44 адам есепте тұр. Қараша айында мамандар 20 науқасқа осындай ота жасауды жоспарлап отыр. Дегенмен, қатерлі дерттің құрығына ілінгендердің қатары көбеймесе, азаяр емес. Мәселен, дәл қазір  240 адамға шақталған онкологиялық орталықта 250 адам ем алуда. 
САМАТ САПАРБАЕВ
М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ ПРОРЕКТОРЫ 

Бізде науқастар өте көп. Медициналық орталықта орын тапшы. Бұл ең алдымен біздің экологиямызбен тығыз байланысты деп едім. Ірі өндіріс ошақтарының шоғырлануы -қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп отыр. Улы ауа, лас су, дұрыс тамақтанбау осының барлығы қатерлі дертке әкеліп соқтырады. Салдарынан өңірде тыныс алу жолдары, асқазан мен ішек, бауырдың қатерлі ісігі алдыңғы орында тұр.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...