
Алға ауданында жалғызбасты ана қайырымды азаматтардың көмегімен баспаналы болды. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап жүрген ол қоныс тойын тойлады. Айта кетейік, бұл Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының "Ел үлесі пәтерге" республикалық акциясы аясында мұқтаж жандарға тарту еткен 14-ші пәтері.