ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АЛЫП АНАДАН ТУАДЫ

16:20, 19 ақпан 2021

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Алып та анадан туады» демекші, қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өседі.  Осындай ақыл-парасатымен дараланған кесек тұлғалы, қайсар мінезді қоғам қайреткерлерін дүниеге әкелген аналардың портреттері  "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік кешеніне ілінді.  "Ана даңқы" галереясындағы фотосуреттер тоқсан сайын жаңа бейнелермен жаңарып, толығып тұрады. Бұл жолы көрмеге Қазақстанның еңбек ері, нейрохирург-дәрігер Серік Ақшолақовтың ,  Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің тұңғыш төрағасы  Марат Оспановтың, келелі істердің басында жүрген қоғам қайраткері Құралай Бәйменованың анасы  және социалистік еңбек ері, даңқты механизатор Кәмшат Дөненбаеваның портреттері қойылған. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар