
Облыстық "Қазақ тілі" қоғамы 2021 жылдың алғашқы алқа жиынын өткізді. Өткен жылы атқарылған істерді саралап, алдағы жоба-жоспарларын орта салды. Биыл қоғам мүшелері ел егемендігінің 30 жылдығына орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырмақ. Жыр алыбы Жамбылдың - 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың - 155, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және күш атасы Қажымұқанның - 150 жылдық мерейтойлары ескерусіз қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында айтылған мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар да жалғасын табады. "Ана тіліміздің айбынын асырып, қолданыс аясын кеңейтуге әрқайсымымыз атсалысуымыз керек"- дейді тіл жанашырлары.