
Қаңтардың 19-ы күні жедел желіге «қарақшылыққа» қатысты кезекті қоңырау келіп түскен сәт. Сағат таңғы төрт шамасы. Еппен жүріп қылмыс жасайтын әккі ұрылардың ізінен бұл жолы жедел уәкіл Ержан Шанбаев түсті. Тапсырмасы - қулығына құрық бойламайтын қарақшыларды қолға түсіру еді.