ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

20:00, 4 мамыр 2021

Соғыс ардагеріне құрмет. Жеңіс мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүрмен облыстық полиция департаментінің өкілдері ардагерлерді құттықтап барды. Бұл жолы Малкеждар Бөкенбаев атындағы заң институты мен Әуе қорғаныс күштері институтының курсанттары да белсенділік танытты. Бүгін олар майдангер Михаил Диденконың үйіне барды. Алдымен әскери оркестр ардагер тұратын көпқабатты үйдің алдында мерекелік әуен ойнады. Сый-сияпатын да ала барды. Қарт майдангер Михаил Диденко небәрі 17 жасында соғысқа аттанып, Беларусь, Украина, Литва елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Ұрыс даласындағы батыл әрекеттері мен ерліктері еленіп, талай орден, медальға ие болды. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар