
Кеңес әскерінің Ауғанстан шекарасынан шығарылғанына биыл 32 жыл толды. Атаулы күнге орай өңірде ардагерлер бас қосты. Олар қаруластарын еске алды, бейбіт күнге тәубе етті. От пен оқтың ортасынан аман қалған интернационалист-жауынгерлерге облыс және қала әкімі атынан алғыс хат берілді.