
Қала маңындағы елдімекендердің жайы бақылаусыз қалмайды. Бұл туралы шаһар басшысы Асхат Шахаров бүгінгі есептік жиналысында айтты. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау шараларының нәтижесінде кәсіпкерлік саласында ілгерлеу бары байқалады. Өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 12 млрд.теңге көлемінде 20 жобаға қолдау көрсетілген. Десе де кезегін күтер мәселелер әлі де бар.