ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АШТЫҚ ЗАРДАПТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ

20:00, 16 ақпан 2021

 20 ғасырдың бас кезіндегі ашаршылық қазір қайта зерттеуді талап етеді. Парламент Сенаты ұйымдастырған «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбындағы дөңгелек үстелде осы мәселе көтерілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында 1921-22 жылдардағы ашыршылықты жан-жақты зерттеу қажеттігін айтққан. Зұлматты жылдары Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Сондықтан бұл бір ұлттқа ғана жасалған қастандық емес. Бұл - ең алдымен, сол кездегі билік жүйесінің қате саясатының ауыр салдары деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Дөңгелек үстелге қатысушылар елдегі барлық мұрағаттардағы құжаттарды қайта зерттеп, көршілес елдердің де архивтерімен тығыз жұмыс істеу керек екендігін айтты. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар