ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 206 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АТЫҒАЙ АРЫСТАНОВ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН КЕЗДЕСТІ

16:20, 18 ақпан 2021

Облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов Алға ауданында жеке құраммен, атқарушы билік өкілдерімен кездесті. Мұнда тұрмыстық қылмысқа қарсы күрес жұмысы мардымсыз. Әрі аудан орталығында уақытша бейімдеу және айықтыру орталығын ашу қажет. Ішімдікке салынғандарды тезге салу үшін ақсақалдардың көмегіне жүрген де дұрыс. Сондай-ақ департамент бастығы жол-көлік оқиғасының жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Былтыр аудан жолдарында 23 жол апаты болып, онда 10 адам қаза тапты. Тағы  29 адам түрлі дене жарақатын алды. Облыстың бас полицейі осы бағытта барлық мүдделі мемлекеттік органдарды біріге жұмыс істеуге шақырды. Айта кетейік, Алға ауданында өткен жылы 30 бейнебақылау камерасы қондырылды. Құқық бұзушылықтық алдын алу жұмысы әрі қарай жалғасады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
20:00, 19 сәуір 2021
ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
Толығырақ...
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
20:00, 19 сәуір 2021
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар